Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған

Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 12:47 Сурет: polisia.kz
Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған.

Тексеру барысында Samsung ұялы телефонын, Beeline сим-картасы және зарядтағыш құрал тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: