Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юнға импичмент жариялау туралы ұсынысты 204 депутат қолдаса, 85-і қарсы дауыс бердлі, үшеуі қалыс қалған және сегіз дауыс жарамсыз деп танылған.
Бұған дейін оппозициялық партиялардың өкілдері президентті әскери жағдайды негізсіз енгізді және заңды бұзып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыптап, тиісті қаулы әзірлеп, парламентке ұсынған болатын.
Импичмент резолюциясының жобасында Оңтүстік Корея армиясы мен полициясы президенттің тапсырмасы бойынша Ұлттық ассамблея мүшелерін тұтқынға алуға әрекеттенгені, Орталық сайлау комиссиясын басып алғаны, шенеуніктердің ұялы телефондарын тартып алғаны және оппозиция белсенділерінің жеке социологиялық қызметтеріне тосқауыл қойғаны айтылған.