Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кетті

Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2024 15:33 Сурет: Zakon.kz
Екібастұз полициясына зейнеткер әйел хабарласып, банктегі шотынан белгісіз біреу 13 млн теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар қабылдады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында зейнеткердің биылғы 28 қараша - 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімшесінде емделгені анықталды. Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған. Полицейлер әлгі палатада зейнеткердің банктік мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, шотынан ақша ұрлаған жас әйелді анықтады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті кінәсін мойындаған.

Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: