2024 жылы халықтың табысы мен жалақысы қалай өзгерді

Пустой кошелек, безработица, банкрот, банкротство, должник, неплатежеспособный, неплатежеспособность, задолженность, безработный, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 16:30 Фото: unsplash
Ұлттық статистика бюросы халықтың кірісі мен жалақысы 2024 жылдың қарашасында қаншалықты өзгергенін есептеді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 206887 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қазанға қарағанда 2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6% төмендеді.

2024 жылы халықтың табысы мен жалақысы қалай өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 16:30

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

2024 жылғы орташа айлық атаулы жалақы 390328 теңгені құрады (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардағы қызметкерлерді есебке алмағанда). 2024 жылғы медианалық жалақы 269378 теңгені құрады.

Мәселен, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысында – 266 590 теңге, ең жоғары – Атырау облысында – 630 894 теңге.

2024 жылы халықтың табысы мен жалақысы қалай өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 16:30

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Бұған дейін Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: