Қауіпті ойыншықтар анықталды: Жаңа жыл алдында ДСМ ел азаматтарына ескерту жасады
Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ел азаматтарына базардағы балаларға арналған ойыншықтар арасында денсаулыққа қауіптілері анықталып жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің міндетті талаптарына сәйкес келмейтін балалар ойыншықтарын анықтады.
"Бұзушылықтардың басым бөлігі таңбалау талаптарының бұзылуына байланысты - 99,3%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша бұзушылықтар - 0,7%. Бұл ретте ойыншықтардың 97%-ы Қытайдан, 3%-ы ЕАЭО елдерінен әкелінген". ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Комитет азаматтарды ойыншықтарды сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады. Әрі мынандай кеңес береді:
- Ойыншықтарда талаптарға сәйкес бұйым туралы толық ақпарат: елдің, өндірушісінің атауы, ойыншық арналған баланың ең төменгі жасы немесе баланың жасын, жасалған күнін, негізгі конструкциялық материалын көрсететін пиктограмма болуы тиіс.
- Ойыншық туралы барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс.
- Ойыншықты таңдаған кезде бояуының тұрақтылығын тексеріңіз, шеттері сынған, жиектері өткір болмауы тиіс, жұмсақ ойыншықтың матасы тығыз болуы және түгі түспеуі тиіс.
- Ойыншықтың өткір, жағымсыз, бөгде иісі болмауы тиіс, 3 жасқа дейінгі балаларға ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарды алмаңыз.
- Сатып алудан бұрын тауардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификатын талап етіңіз. Ойыншықтарды күмәнді жерлерден сатып алмаңыз және таңбалауына назар аударыңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript