Қостанай облысында колонияға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді

Қостанай облысында колонияға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 20:16 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, №38 мекеменің жедел бөлім қызметкерлері және Департамент өкілдері бірлесіп, көліктік бақылау-өткізу пунктінде кезекті тексеру жүргізу барысында заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде азаматтардың бірінің киім астына жасырылған үш ұялы телефон анықталып, тәркіленді.

Телефондар торсық аймағына мұқият жасырып, №38 мекемесіне кіргізуге талпынған азамат сол жерде ұсталды.

Еске салайық, жыл басынан бері жепартаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінен 88 ұялы телефон тәркіленген. Бұл фактілер заң бұзушылардың ережелерді айналып өтуге деген тұрақты талпыныстарын көрсетеді. Осы уақыт ішінде мұндай құқық бұзушылықтар үшін 26 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: