Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел мен бала құқығын қорғау айтарлықтай қолға алынған

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 09:27 Фото: pexels
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет мәліметінше, 2024 жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 72 мың қорғау нұсқамасы, сондай-ақ 16 мың жағдай бойынша сот шешімдері қабылданды.

"Сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарына айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бүгінде елімізде осындай 69 орталық жұмыс істейді",- делінген мәліметте.

Оған жыл басынан бері 5,5 мың әйел, оның ішінде 3,7 мыңы балалары бар ана жүгінген.

Мәселен, соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстар саны екі есеге азайған. Атап айтқанда келесідей қысқарды.

  • зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға,
  • кісі өлтіру 49,3%-ға,
  • ауыр дене жарақатын салу 8,7%-ға.

Сондай-ақ, балалар құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу саласында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел мен бала құқықтарын қорғау айтарлықтай қолға алынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 09:27

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар жыл басынан бері 35 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс, оның ішінде суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 127 сайт анықталды.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел мен бала құқықтарын қорғау айтарлықтай қолға алынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 09:27

Сурет: primeminister.kz

Бұған дейін Павлодар облысында 400-ге жуық берекесіз отбасы есепке қойылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: