Сирияда террористер қатарында болған екі қазақстандық сотталды

СИЗО, следственный изолятор, подозреваемые, обвиняемые, подсудимые, осужденные, следствие, заключение, камера, решетка, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 16:21 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша екі адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 23 желтоқсандағы мәліметінше, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.


"Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды. Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы)",- деп мәлімдеді ҰҚК. 

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

Бұған дейін киберполицияның ірі алаяқтықтың жолын кесіп, жәбірленушіге үш миллион теңгесін қайтарғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: