Тұман, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Абай облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең тұман.
Астанада кей уақыттарда тұман.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.