"Каспий" ФК экс-директоры зорлық-зомбылықпен аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Каспий" футбол клубы" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар зорлық-зомбылықты қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді.
Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Антикор.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript