Петропавлда үш жігіт Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп, суретке түскен
Сурет: видео скрині
1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жас жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған. Олар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен.
Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады. Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript