Тұтынушы құқығы: Жеңілдікпен сатылатын зат кері қайтарыла ма

Хлеб, хлебобулочные изделия, пекарня, магазин, супермаркет, продукты питания , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 14:19 Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтар 1 жылда дүкен иелерінен 1 миллиард 700 миллион теңге қайтарып алған. Бұл қаражат тұтынушыларға сатып алған тауарын кері өткізу арқылы берілген.

Алайда мұндай тауар жеңілдікпен сатылса, оны сатушыға қайтару мүмкін емес көрінеді. Былтыр осындай жағдайға тап болған 60 мың адам уәкілетті органдарға шағым түсірген.

Саудагерлердің бұл ісі заңды ма? Жеңілдікпен сатылатын зат кері қайтарылмай ма? Көптің көкейіндегі сауалға "Алматы" телеарнасының студия қонағы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Әсемай Нұрлан жауап береді.

– Жеңілдікпен сатылған тауарды қайтаруға немесе айырбастауға бола ма?

"Заңның 14-бабына сәйкес, 14 күннің ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар. Жеңілдікпен сатылған заттарды да қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар".

– Әдетте сатушылар "жеңілдікпен сатылып жатқан тауарларды кері қайтаруға болмайды" деп айтады. Егер оны қабылдамаса немесе айырбастамаса, тұтынушы қайда хабарласу керек?

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау" заңының 30-бабына сәйкес, егер де тауардың түрі бүлінбесе, жапсырмасы болса және де түбіртегі сақталса, тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады. Егер сатушы қайтармаймын десе, тұтынушы наразылық хатпен жолдауға құқығы бар. Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау органдарына хабарласуы керек".

– Былтыр елордада осындай шағыммен сауда жане тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне неше адам жүгінді?

"Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне былтыр 7 мыңдай өтініш түсті. Оның ішінде 200-ден астамы тауарды айырбастау немесе қайтару үшін жазылған шағым".

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: