Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Kaspi.kz, Абай облысындағы өрт, орман өрті, жылу, көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 16:06 Сурет: Kaspi.kz
Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады. Бес күнде қазақстандықтар Абай облысының тұрғындары үшін 165 миллион теңге жинады.

Kaspi.kz өз тарапынан өрттен зардап шеккендер үшін 35 миллион теңге қосып, соманы 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.

"Біз мұндай үлкен резонансты күткен де жоқпыз. Қайырымдылық көлемі әртүрлі болды. Біреу "Ұлымнан" деп 50 теңге аударса, біреу қомақты сома жіберген. Қаражаттың бір бөлігін өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды қолдауға, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға бөлеміз. Тағы бір бөлігі – зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуге. Қалған сомаға жәбірленушілердің кәмелетке толмаған балаларына депозит ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл сегіз бала кәмелетке толған соң ақшаны оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа да маңызды мақсаттарға жұмсай алады. Үн қосып, көмектескендердің барлығына рахмет!"."Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе банк клиенттеріне алғысын айтты.

"Қиындыққа тап болған адамдарды қолдау туралы шешім қабылдаған барлық сүйікті, қамқор клиенттерімізге рахмет. Kaspi қиын жағдайда қазақстандықтарға әрқашан көмектеседі және шетте қалмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және өрт салдарынан зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақпыз".Михаил Ломтадзе 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: