Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге 2,8 миллион доллардан астам ақша жинады

Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге 2,8 миллион доллардан астам ақша жинады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 12:12 Сурет: ҚР ТЖМ
Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге үш миллион долларға жуық қаржы жинады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Түркия Республикасының елшілігінен хабарлады.

Елшілік көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.

"Қазақстанда кейінгі 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған бір миллион доллардан астам қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтан жиналған жалпы сома 2,8 миллион доллар болды", - деп хабарлады елшілік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Қазақстан Түркияға 28 генератор жіберді.

Бір ғана Астанадан 8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, деп жазды басылым.

Қазір Түркия 6 ақпандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін көптеген елдерден гуманитарлық көмек алып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: