Үндістанда күйеуінің бүйрегін 6 млн теңгеге саудаға салған әйел сүйіктісімен бірге қашып кеткен

Белгілі болғандай, күйеуі мұндай оғаш ұсынысқа біраз уақыт бойы келіспеген. Алайда, әйелінің сөздері жүрегіне жеткеннен кейін, бұл қадамға баруға бел буған.
Үндістанда адам ағзаларын сату отыз жылдан астам уақыт бойы заңсыз болғандықтан, ер адам бір жыл бойы қара нарықтан сатып алушы іздеді. Ал бұл уақытта оның жұбайы Facebook арқылы жаңа адаммен көңіл қосып жүрген.
Oddity Central дерегінше, қауіпті операциядан сәтті шыққан ер адам не ақшасыз не әйелсіз қалып қойған.
Осылайша ол полицияға арыз жазған. Ал, әйел болса қызы мен күйеуінің өтінішіне қарамастан оралмайтынын айтып, ажырасуға арыз берген.
Енді тәртіп сақшылары әйелдің әу баста алаяқтық ниетінің бар-жоқтығын немесе бәрі аяқ-асты болғандығын анықтауда.
Бұған дейін Австралиядағы нөсердің арты тасқынға айналып, елді қолтырауындар басқандығы хабарланған болатын.