Австралиядағы нөсердің арты тасқынға айналып, елді қолтырауындар басты

Австралияның солтүстік-батысында су тасқыны салдарынан бір адам қаза тауып, тағы мыңдаған адамдар шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN Үкімет басшысы Энтони Албанезге сілтеме жасай отырып, табиғи апат Солтүстік Квинсленд жағалауының көп бөлігіне әсер еткенін және Ингем қаласы мен жақын маңдағы Таунсвилл қаласы қатты зардап шеккенін хабарлады.
"Су деңгейі тез көтерілуде, бізді қауіпті су тасқыны күтіп тұр. Егер дер кезінде эвакуацияланбасаңыздар, апаттық-құтқару қызметтері сізді құтқара да алмай қалуы мүмкін", – деп ескертті Таунсвиллдің жергілікті апаттарды басқару тобының өкілдері.
Сондай-ақ, жергілікті билік қолтырауындар бұрын көрмеген жерлерде пайда болуы мүмкін екенін ескертті.
Әлеуметтік желіде "жолдардың қалай өзенге айналғанын" бейнелейтін кадрлар тарап жатыр.
🌊 Massive rainfall has triggered severe flooding across Australia, turning streets into rivers.
— AI Day Trading (@ai_daytrading) February 2, 2025
Footage from social media pic.twitter.com/jvDeprvi0R
Бұған дейін Илон Масктың АҚШ-тың халықаралық даму агенттігін "қылмыстық ұйым" деп атағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript