Қарағанды тасжолында ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып тұр

 Қарағанды тас жолында ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2025 14:10 Сурет: видео скрині
Бүгін, 3 қаңтарда Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар жолдары жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолында ахуал күрделене түсті. Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған.

Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.

Қарағанды облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттілік болмағанда шықпауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: