Түркістандық әйел тау жиегінде атпен серуендеп жүргенде құлап кетті

Түркістандық әйел тау жиегінде атпен серуендеп жүргенде құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 20:39 Сурет: pixabay
Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары таулы аймақта әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бүгін, 5 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылынан 5 шақырым жерде болған.

1993 жылы туған әйел атты серуен кезінде тау жиегіне құлап, түрлі жарақаттар алды. 

ТЖМ құтқарушылары зардап шеккенді зембілмен жоғары көтеріп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табыстады.

"Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!"Төтенше жағдайлар министрлігі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: