Шымкентте жоғары лауазымды шенеунік бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сотталды
Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы 700 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, сотталушы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барған.
"Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен",- деп мәлімдеді ҚМА.
Сонымен қатар, ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді.
Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының бас экологы сотталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript