"Маған да жоқ, сендерге де жоқ". Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

Әлеуметтік желі, аудиожазба, Атырау облысы, түсініктеме, денсаулық сақтау басқармасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 18:25 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде елді елең еткізген аудиожазба тарауда. Онда ер адам қатқыл үнмен сыйақы неге болмайтынын түсіндіріп, дәрігерлерге медициналық мекеменің қаржылық проблемалары барын еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, аудиожазбадағы дауыс Атырау қаласының №4 қалалық емханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Бауыржан Төлегенге тиесілі болып шықты. Ол аудиожазбада дәрігерлерге медициналық мекеменің 700 млн теңгеге жуық қарызы барын, осы кредиттерді жауып болмайынша ешкімге мерекелік сыйақылар қарастырылмайтынын айтады.

"Ешкімге сыйақы болмайды. Маған да жоқ, сіздерге де жоқ. Сөйтіп бәріне менің сәлемімді жеткізіңіздер. Әне, № 1 емхана жалақы мөлшерінде сыйақы беріп жатыр. Неге дейсіздер ғой? Себебі скринингті 100% орындаған. Бұл мекеменің қарызы жоқ. Ал бізде қарыз бар, шамамен 700 млн теңгеге жуық", - дейді ол.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсіндіріп өткендей, Бауыржан Төлеген осылайша "жаңа жылдық мерекеде сыйақы болып қалады ма" деп үміттенген қызметкерлерге түсініктеме бергенін айтады.

"Бауыржан Төлеген бұл қызметке 2024 жылдың 14 ақпанында тағайындалды. 2024 жылдың соңына дейін берешек 635 млн теңгенің 500 млн теңгесі өтелді. Қазіргі қарыз 135 млн теңгені құрайды, сондықтан әзірге сыйақы бермеу туралы шешім қабылданды. ҚР ДСМ-ның №238 бұйрығына сәйкес, қолда артық қаражат болған жағдайда сыйақы және қосымша ақшалай сыйақылар беріледі. №4 қалалық емхана ұжымына түсініктеме берілді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: