Ақтөбеде мас жүргізуші автобус жолаушыларына қауіп төндірді

Ақтөбеде мас жүргізуші автобус жолаушыларына қауіп төндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 17:29 Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде полицейлер автобус жолаушыларына қауіп төндірген мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында маршруттық автобус жүргізушісінің күдікті әрекеттеріне назар аударды.

Тексеру кезінде полицейлер жүргізуші мас күйінде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, сараптама жүргізуге шешім қабылдады.

Жүргізуші расында да мас күйде болып шықты. Құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды.

Енді жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: