Қолындағы телефонын ұрып, емханадан шығарып жіберген: Қонаевта тіс дәрігеріне айыппұл салынды

Қолындағы телефонын ұрып, емханадан шығарып жіберген: Қонаевта тіс дәрігеріне айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 19:43 Сурет: unsplash
Қонаевта тіс дәрігеріне дөрекі әрекеті үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының Қонаев қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша С. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Соттың анықталғаны:

2024 жылы қыркүйек айында тіс емдеу бөлімінде тіс дәрігері С. азаматша К. екеуінің арасында келіспеушілік болған кезде өзін дөрекі ұстап К.-ның қолындағы телефонын ұрып, емханадан шығарып жіберген, яғни қоғамдық жерде жәбірленуші К.-ға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотқа қатысушылардың ұстанымдары:

Сот отырысында құқықбұзушы С. кінәсін мойындамай, жәбірленушіден тек кабинетін босатуды талап еткенін айтты.

Жәбірленуші К. хаттамада жазылған істің мән-жайын растап, арызын қолдап, заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Дәлелдемелер бойынша:

С. әрекеті іс құжаттарына тіркелген, полиция қызметкерінің баянатымен, электронды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен,  іс бойынша сұралған куәгерлердің түсініктерімен, бейнежазбамен және істің басқа да құжаттарымен өз дәлелін тапты.

Сот шешімі: 

Сот С.-ға әкімшілік жаза қолдануда оның жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды анықтап, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен С. кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 20 ЕАК, яғни 73840 теңге айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: