Бұрқасын, көктайғақ: Астанада және 14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бұрқасын, көктайғақ: Астанада және 14 облыста дауылды ескерту жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 21:18 Сурет: Zakon.kz
17 қаңтарда Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Атырауда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаяу бұрқасын күтіледі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: