"Боран, тұман, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы ауданы мен тау бөктерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте де, Түркістан қаласында да түнде тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында да көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.
Алматы облысының солтүстік-батысында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Павлодарда да түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Атырауда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Батыс Қазақстан облысынында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Абай облысында бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с дейін жетеді. Семейде түнде бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болады деп күтіледі. Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
18-19 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 18-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Таразда 18-19 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі, 18 қаңтарда тәулік бойыа, 19 қаңтарда түнде және таңертен көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаның ауа райы болжамын жариялаған болатын.