Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 17:47 Сурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Шымкентте мерзімді қызметтегі әскери қызметші әскери ант қабылдағаннан кейін саптық алаңда сүйікті қызына үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyarar.kz-тің хабарлауынша, 18 қаңтарда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде жас толықтырым әскери ант қабылдады. Әскери бөлімнің қатарына еліміздің барлық өңірінен қызмет атқаруға келген 400-ге жуық жас сарбаз қосылды.

Салтанатты бөлімнен кейін Алматыдан шақырылған сарбаз қатардағы жауынгер Руслан Андреев саптық алаңда қызына өмірлік жары болуға сөз салды. Сүйіктісі Диана "иә" деп жауап беріп, келесі қысқа дейін жігітті күтуге уәде берді. Салтанатты рәсімге Русланның ата-анасы да қатысқан. Олар ұлының маңызды ниетін біле отырып, оның шешіміне қатты қуанды.

Бұл романтикалық оқиғаға салтанатты рәсімге жиналған мыңға жуық адам болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: