Ертең Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады

Ертең Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2025 20:41 Сурет: unsplash
24 қаңтарда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31 градус аяз болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда кей уақытта тұман түседі. Қонаевта 24 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 30-33 градус күтіледі. Өңірдің шығысында, таулы аудандарында аздаған қар күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде қатты аяз 25-29 градус күтіледі. Талдықорғанда түнде қатты аяз 27-29 градус күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіеді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: