"Полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым". Өскеменде жалған ақпарат берген мас әйел ұсталды

"Полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым": Өскеменде жалған ақпарат берген мас әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 17:22 Сурет: polisia.kz
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады.

Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: