Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 21:29 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында соңғы екі жылда 601 жоба (4,3 млрд.теңге) жүзеге асырылып, 917 жаңа жұмыс орны ашылды.

Биыл 815 жобаны (5,5 млрд. теңгеге) іске қосып, 1 мыңнан астам (1060) жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Осы бағытта шағын өндіріс орталықтарын құруға басымдық берілуде. Шаруашылық құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде кәсібін бастаушыларды ғимаратпен, кепілдікпен қамтамасыз ету тәжірибесі енгізілді.

Еске салайық, өткен жылы "Өңірлік жұмыспен қамту картасы" аясында 49 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 

"Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында биыл агро-индустриялық жобаларға қажет мамандар даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс саны 5 308 орынға дейін ұлғайтылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: