Жаңбыр, қар, көктайғақ: Қазгидромет Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ескерту жасады
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын, облыстың батысында кей уақыттарда қатты қар. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын. Облыстың шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігіде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман сақталады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.