Қызылорда облысында қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды

Қызылорда облысында полиция есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 22:05 Сурет: polisia.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген.

Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді.

Жалпы 2,7 келі кептірілген марихуана және 10 келі қарасора өсімдігі анықталды.  

Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. 


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: