ЕАЭО туралы шарттың кедендік баждар бөлігінде өзгерістер енгізілді
![Евразийская экономическая комиссия, ЕЭК, Евразийский экономический союз, ЕАЭС, флаги стран ЕАЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 12:49](https://www.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-15/file-09e72683-36f9-4bd5-8a17-a1f391fc92a8/400x225.webp)
Сенат депутаттары 2025 жылғы 30 қаңтардағы жалпы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізілетін хаттаманы ратификациялады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутат Бекболат Орынбеков "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлігінде 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" Заңның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік баждарды әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі санкциялық шектеу кедергілерін жоюға бағытталғанын атап өтті.
"Хаттамамен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының бюджеттеріне кедендік баждардың сомаларын өзара бөлу және есепке алу кезінде туындайтын қарсы міндеттемелер айырмасының сомасын есептеудің уақытша тетігін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі", – деп қосты ол.
Құжатты ратификациялау Қазақстанның республикалық бюджетіне кедендік баждарды аударудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Алматы метрополитенінде уақытша қоршаулар неге орнатылғаны белгілі болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript