Стипендия кешігіп жатыр: Саясат Нұрбек студенттерге үндеу жасады

Стипендия кешігіп жатыр: Саясат Нұрбек студенттерге үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 20:46 Сурет: freepik
2025 жылғы 30 қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шәкіртақының кешігіп жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шәкіртақының кешігіп жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы өзінің Telegram-каналында жазды.

"Құрметті студенттер! Қаңтар айының мемлекеттік стипендиясын төлеу бүгін, 30 қаңтардан басталғанын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда Оператор 77 жоғары оқу орнының студенттеріне төлем жасады. Мемлекеттік стипендияның қалған төлемі ертең, 31 қаңтарда аяқталады", - деді ол.

Оның айтуынша, стипендияның кешіктірілгені, атап айтқанда төлемдер 3 ақпаннан кейін жүзеге асырылатыны туралы ақпарат желіде тарап жатыр.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз".Саясат Нұрбек
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: