Астанада ер адам краннан секіріп кетпек болды

Астанада полицей 60 метрлік краннан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана полиция департаменті Сарыарқа аудандық жанындығы ПБ жедел уәкілі Руслан Байбөриев 60 метрлік кранның төбесіне шығып, секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.
Полицей түнгі сағат 03:10 шамасында "102" арнасына түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына дереу жетіп, бірден баспалдақпен жоғары көтеріліп, суицид жасамақ болған жігітпен сөйлесіп, оны сабырға шақырды. Сол сәтте оның сеніміне кіріп, қауіпсіз жерге түсірді.
Полицей ер адаммен сөйлесіп жатқан кезде оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келіп жетті. Жедел жәрдем қызметкерлері 35 жастағы азаматтың денсаулығын тексеріп, үйіне жеткізді.
Ол бұл әрекетін эмоцияның әсерімен жасағанын, салдарын ойламағанын мойындап, өмірін сақтап қалғаны үшін полиция капитанына шын жүректен алғыс айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript