Ақмола облысының тұрғыны жеңілдетілген несие аламын деп сан соғып қалды

Ақмола облысының тұрғыны жеңілдетілген несие аламын деп сан соғып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 21:19 Сурет: polisia.kz
Қосшы қаласының полиция бөліміне 22 қаңтар күні жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылғы 9 маусымда бейтаныс адам оған жеңілдікті шарттармен несие рәсімдеуге көмектесуге уәде берген. Ол кәсіпкерге бизнесті дамытуға қажетті қомақты соманы төмен пайызбен әрі кедергісіз алып бере алатынына сендірген.

Алаяқ сенімді түрде сөйлеп, жәбірленушіні өз қызметінің заңдылығына иландырады. Нәтижесінде кәсіпкер оған 200 мың теңге көлемінде қаражат пен жеке деректерін сеніп тапсырады. Алайда ақшаны алған соң бейтаныс адам із-түзсіз жоғалып, байланысқа шықпай қояды.

Кәсіпкер делдал туралы ортақ танысы арқылы білген. Алайда уәде етілген несие де, ақша да жоқ болып шықты.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген азаматты анықтады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: