Түркістандық 44 бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген

Түркістандық 44 бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2025 16:48 Сурет: gov.kz
Қазақстанда жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленді. Түркістан облысының жаттықтырушылары бұл тізімде көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталды, деп жазды otyrar.kz

Оның 9-ы - басшы, 248-і - жаттықтырушы және 21-і - басқа да қызметкерлер. Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді.

"Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: