Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен кетті

Әбілқайыр Сқақов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, басшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 18:54 Сурет: Instagram/skakov_abylkair
Әбілқайыр Сқақов 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келе жатқан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ӘМСҚ-ның бұрынғы басшысының Instagram-дағы парақшасындағы жазбасынан мәлім болды.  

"Бүгін мен ресми түрде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы қызметінен кеттім. Бұл менің ойластырылған шешімім.⠀Маған сенім артқаны үшін мемлекет басшылығына алғысымды білдіремін. Осындай маңызды ұйымды басқару – үлкен жауапкершілік және осы бағытта жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру саясатын іске асыру мен үшін үлкен мәртебе болды.⠀Қор ұжымына қолдауы және адал еңбегі үшін шынайы алғыс айтамын", деп жазды ол желіде 2025 жылы 3 ақпанда.

Ол әріптестерімен бірге өткен жылы бірге көптеген қиындықтардан өтіп қана қоймай, жаңа жобаларды іске қоса алғанын баса атап өтті.


"Әріптестерім ӘМСҚ мен жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытады деп сенемін.⠀Сондай-ақ медицина және сарапшылық қауымдастықтағы әріптестеріме ерекше ризашылығымды білдіремін. Біз ашық пікір алмасып, кейде қызу талқыға түстік. Бірақ әрдайым ортақ мақсат – МӘМС жүйесін жетілдіру үшін жұмыс істедік. Осындай бірлескен тиімді жұмыс үшін көп рақмет!⠀Біздің жұмысымызды әрдайым бақылап, бағалап отырған журналистерге, депутаттарға және барлық қазақстандықтарға алғысым ерекше. Сіздер қор қызметін қатаң, әрі әділ саралап отырдыңыздар. Біз жұмысымыздың ашық әрі түсінікті болуы үшін еңбек еттік. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды болып қала береді.⠀Баршаңызға мықты денсаулық, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін", деп жазды ол.

Айта кетсек, Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов 2023 жылдың қыркүйегінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басшысы болып тағайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: