Түркістан облысында әріптесінің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды

Түркістан облысында әріптесінің көлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 17:30 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Келес ауданының полиция қызметкерлері құны 2 миллион теңге тұратын Audi автокөлігін заңсыз айдап кеткен 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мен жәбірленушінің арасында түсінбеушілік орын алған. Содан өш алу мақсатында ол автотұрақта тұрған әріптесінің көлігін діттеген жеріне айдап кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: