Атырауда бірнеше тұрғыннан 500 келіден астам заңсыз балық тәркіленді

Атырауда бірнеше тұрғыннан 500 келіден астам заңсыз балық тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 18:35 Сурет: polisia.kz
Атырауда бірнеше азаматтан 500 келіден астам заңсыз балық тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Исатай ауданы Жанбай ауылы маңында Каспий теңізі жағалауында рейдтік іс-шара кезінде Урал мотокөлігін тізгіндеген төрт ер азамат шана сүйреп келе жатқан жерінен тоқтатылды.

Тексеру барысында шанадан 10 қапқа салынған 530 келі белгіленбеген жерден заңсыз ауланған қара балық табылды.

Күдіктілерден екі пышақ пен екі радиоқабылдағыш тәркіленді.

Тәркіленген балықтар "Тілекші" цехына тапсырылып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: