Ешқандай азаптау болмаған: алқабилер Ақмола облысындағы ҚАЖ қызметкерлерін ақтап шығарды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ҚАЖ 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істі алқабилер қарады. Олар қылмыстың болған-болмағанын және айыпталушылардың кінәсі бар-жоғын анықтауы керек еді. Шешім дауыс беру арқылы қабылданды.
"10 алқаби және бір судьяның әрқайсы бір дауысқа ие. Кеңесу бөлмесінде дауыс беру нәтижелері бойынша алқабилер көпшілік дауыспен сотталушыларды кінәсіз деп тапты", . Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript