Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылды

Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 20:07 Сурет: polisia.kz
10 ақпанда Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Людмила Рубанды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Түрксіб аудандық полиция басқармасынан келіп түскен бағдарға сәйкес келетін әйелді байқап, оның жеке басын тексерді. Нәтижесінде оның бір күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 67 жастағы азаматша екені расталды.

Жеке басын анықтағаннан кейін Людмила Рубан оқиғаның мән-жайын одан әрі тексеру және қажетті көмек көрсету үшін іздестіру бастамашысына берілді.

Көлік полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті жалғастыруда. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында тағы бір хабар-ошарсыз жоғалған адам табылды. Жақындарымен қауышты.

Полиция азаматтарды жақындары жоғалған жағдайда уақытылы хабар беруге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: