Beeline үйдегі интернет тарифтерін қолдан қымбаттатқан

Beeline үйдегі интернет тарифтерін қолдан қымбаттатқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 19:33 Сурет: unsplash
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, талдау нәтижелері көрсеткендей, Beeline тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.

Сонымен қатар Beeline компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде максимал жылдамдық 100 Мбит/с болады, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абонент үшін бірдей, өзгеріссіз қалады делінген.

2024 жылғы 19 қарашада департамент Beeline компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберді. Компанияға тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, атап айтқанда:

  • егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе, жылдамдығы 100 Мбит/с -тан аспайтын интернет;
  • қосымша ақылы қызметтерсіз жылдамдығы 100 с/Мбит-тан аспайтын интернетке қосылу қызметі ғана.

Агенттік қазіргі таңда хабарлама толықтай орындалғынын мәлімдеді:


2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастаған, және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: