Шымкентте 52 мектеп аттестациядан өте алмады

Школьный кабинет, класс, пустой класс, дистанционное обучение, школа , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 10:46 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Шымкентте мектептердің көпшілігі мемлекеттік аттестациядан өте алмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz

"24KZ" телеарнасының ақпаратынша, тексеріс жүргізілген 70 мектептің 52-сі білім беру талаптарына сай болмай шықты. Мамандар әртүрлі заң бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, кейбір білім ошақтарында жұмыс пен оқу бағдарламасының сәйкес келмесе, енді бірінде мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан уақытында өтпеген.

Бұл ретте, қалалық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бөлімінің мамандары өткізілген сабақ пен тоқсандық жиынтық бағалауға ерекше назар аударды. Кейбір мұғалімдер мерекелік демалыстың алдында бірнеше тақырыпты қамтуға тырысып, оқушыларға артық тапсырмалар жүктегені анықталды. Талап бойынша оқытушы балаларға күніне үш тапсырмадан артық беруіне болмайды. Одан бөлек үйде отырып білім алатын балалардың оқу сағаттары бойынша да заң бұзушылықтар тіркелді.

Аттестациядан өтпеген мектептерге, кемшілікпен жұмыс істеуге уақыт берілді.

"Егер білім беру ұйымы қайта аттестаттаудан өтпесе, онда біз бұл мекемені профилактикалық бақылауға аламыз. Яғни біз бұрынғыдай қашықтықтан электронды түрде бақыламай, білім беру ұйымына барып, ашық тексеретін боламыз. Демек, кемшілік жойылғанша біздің бақылауымызда болады". Дина Агманова, қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы

Бұған дейін ҰҚК тағы бір қазақстандықтың ұсталғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: