Астанада есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Астанада есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:23 Сурет: polisia.kz
Астанада полицейлер есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген 37 және 47 жастағы екі ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, олар көпқабатты үйдің кіреберісінде ұсталған. Жалдап тұратын пәтерін тінту барысында полиция қызметкерлері асүйдегі раковинаның астынан 31 оралған пакетті және тоңазытқыштың үстінен дәл сондай зат салынған пакет тауып, тәркіледі. Жалпы салмағы 4 келіден асатын бұл есірткі, олардың қылмыстық әрекетінің ауқымды болғанын дәлелдейді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан гашиш есірткі затын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол есірткі құралы.

Күдіктілер өз кінәларын мойындап, есірткіні елдің оңтүстігінен әкеліп, елорда аумағында таратпақ болғандарын түсіндірді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана полиция департаменті есірткі сатудың ауыр қылмыс екенін және оған 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: