"Қар жауып, жауын-шашын түседі". Еліміз бойынша 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 16 ақпан, Қазақстан, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 16:17 Сурет: pexels
Синоптиктер алдағы жексенбі, 2025 жылғы 16 ақпанда республикамыз бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөліктер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды.

"Республикамыздың басым бөлігінде қар жауады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", делінген хабарламада.

Республикамыз бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте, батыста көктайғақтың болуы болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы ақпан айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Қыстың соңғы айында елімізде жауын-шашын, аяз болып, сынап бағаны өзгеріп отырады деп күтіледі.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: