Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Шахта, шахтеры, горнодобывающая промышленность, каска , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 09:42 Фото: pxfuel
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет мәлімдемесіне сәйкес, комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарады.

"Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды",- делінген ақпаратта.

Құтқарушылар ақпаратынша, ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнында.

Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінді астында жеті кенші қалып кетті. Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: