Ұлытау облысында "Жомарт" кенішінің жетінші шахтерының денесі табылды: полиция істі бастады

ТЖМ мәліметінше, кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.
Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
"ҚР ТЖМ жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түсті",- деп жазды құтқарушылардың баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалды. Оқиға орнында Ұлытау облысының полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.
"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген өңір полициясының ақпаратында.
Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінді астында жеті кенші қалып кетті. Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді. Сондай-ақ, опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Айта кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінді астында жеті кенші қалып кетті. Бүгін, 18 ақпанда таңға жуық қаза тапқан жетінші шахтердың денесі табылып, жоғарыға көтерілді. Сондай-ақ, опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.