Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі

Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 18:19 Сурет: polisia.kz
Жедел-іздестіру барысында "Anti-fraud" жедел алдын алу шарасы аясында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 20 жастағы дропперді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қылмыстық топқа шоттарға қол жеткізу үшін деректер мен банк карталарының реквизиттерін берген. Белгілі болғандай, бұл алаяқтық схемаға қала тұрғыны тап болған.

Жәбірленушіге белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар оның шотына кибершабуыл жасалғанын айтып, оны болдырмау үшін қаражатты қауіпсіз шоттарға аудару керектігін хабарлаған.

Жәбірленуші сеніп, алаяқтар көрсеткен шотқа 1 млн теңге көлемінде ақша аударған. Алайда ақша аударылғаннан кейін, күдіктілер байланысқа шықпай қойған.

Қылмыстық істі тергеу барысында елорда киберполиция қызметкерлері алаяқ көрсеткен шоттардың бірінің иесін және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полицейлер ұсталған азаматтың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: