Елімізде 2025 жылы Римге, Гуанчжоуға және Пусанға тікелей рейстер ашылады

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 2025 жылғы 19 ақпанда өткен Үкімет отырысында халықаралық рейстер санын ұлғайту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол халықаралық рейстердің саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда 31 елмен және 58 қаламен әуе қатынасы орнатылды, 119 бағыт бойынша рейстер орындалады. Өткен жылы 22 халықаралық бағытта алты жаңа қалаға 12 рейс ашылды, оның ішінде Мумбай (Үндістан), Джидда (Сауд Арабиясы), Прага (Чехия) және өзге де ірі орталықтар бар, сондай-ақ 10 бағыттағы рейстер қайта басталды.
"2025 жылға 16 жаңа бағыт жоспарланған, оның ішінде Рим, Мюнхен, Будапешт, Шанхай, Гуанчжоу, Пусан (Корея) қалалары және басқалары бар. Жолаушылар үшін бюджеттік маршруттарды таңдауды кеңейту Қазақстанның халықаралық авианарығына төрт жаңа шетелдік лоукостердің келуі есебінен арттырылуда: SpiceJet(Үндістан), Eastar Jet және T 'way Air – (Оңтүстік Корея), ThayAirAsia – (Таиланд)", – деді вице-министр.
Өткен жылы "ашық аспан" режимі Қызылорда, Қостанай, Атырау әуежайларында енгізілді және барлық 17 халықаралық әуежайда жұмыс істейді.
Бұған дейін Стамбулда қалың қар жауып, ол әуе қатынасына тосқауыл қойғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript