Екібастұз ауруханасында целлофанмен ботқа берген

Екібастұз ауруханасында целлофанмен ботқа берген. Сондай-ақ палаталардың ластығына шағымдар болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram-да Торайғыров көшесі, 32 мекенжайында орналасқан жаңа жұқпалы аурулар ауруханасында әйел адамның лас палаталарға шағымданғаны түсірілген видео тарады.
Оның айтуынша, палаталардың терезелері, перделері, қабырғалары жуылмаған. Сондай-ақ ол кейбір санитарлар палаталарды жуудан бас тартатындығына шағымданады. Ал жақында ауруханада түскі асқа берілген ботқадан целлофан пакеттің ұзын қиығы табылды.
Екібастұз қалалық №2 ауруханасы бұл жағдайға қатысты жауап берді.
"Ауруханада жұмыс жағдайлары қиын және жалақысы төмен болғандықтан, санитарлар айтарлықтай жетіспейді", - деп хабарлады аурухана.
Аурухананың мәліметі бойынша, кейінгі уақытта кіші медицина қызметкерлерінің жұмысына және тамақ сапасына қатысты шағымдар түспеген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript