ШҚО-да есірткі өсіруге арналған екі фитозертхана жойылды

ШҚО-да есірткі өсіруге арналған екі фитозертхана жойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 19:52 Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында полиция есірткі заттарын заңсыз өсіруге арналған екі шағын жылыжай қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында полиция қызметкерлері облыстың 57 және 35 жастағы тұрғындарының пәтерлерінен арнайы жабдықталған фитозертхананы анықтады.

Олардың бірі жарықдиодты шамдармен, желдету және фильтр жүйесімен жабдықталып, шкафтың ішінде орналасқан болса, екіншісі термобокс түрінде жасалған болып шықты. Тінту кезінде қарасора өсімдігі, оларды өсіруге арналған құрылғылар, сондай-ақ өсімдік тектес зат салынған түйіншектер тәркіленді. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 570 граммнан асты.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: